25.05.2023, 14:30
Оқылды: 54

Ақбөкендердің табиғи миграциясы басталды

2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес, киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты, яғни, 45,3 пайызға көбейген. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн. дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт - 39 700. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша киік саны 1,9 млн. басқа жеткені анықталды.

FB_IMG_1684898723467

Орал популяциясына жататын ақбөкедер мамыр айының басынан бастап Казталов ауданының Қараоба, Жәнібек ауданына қарасты Талов, Борсы, Жақсыбай ауылдары маңында төлдеп, құралайларын өргізген болатын. Ендігі кезекте киіктердің табиғи миграциясы басталды.
Осы мәселеге қатысты ақпарат алу үшін «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бақылау-тексеру басқармасының басшысы Бисебай Төлеповке хабарласқан болатынбыз.

FB_IMG_1684898729791

Оның айтуынша, қазіргі таңда ақбөкендер Казталов ауданының Қошанкөл ауылдық округі арқылы Жәнібек, Бөкей Орда аудандары аумағына қоныс аударып жатыр. Киіктердің бір бөлігі Тасқала ауданына қарай ауған.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале