29.05.2023, 14:30
Оқылды: 58

Биыл 500-ге жуық кәсіптік стандарт әзірленіп, қайта қаралады

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде 2023 жылы 220 кәсіптік стандарт әзірлеп, тағы 278-ін өзектендіру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

енбек

Бұл жұмысты мемлекеттік органдар жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарымен бірлесіп, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ҰБЖ дамыту жөніндегі жобалау кеңсесін тікелей үйлестіру кезінде жүргізеді.

Бүгінгі таңда 44 жаңа кәсіптік стандарттарды әзірлеу және 67 кәсіптік стандарттарды өзектендіру бойынша жұмыс басталды, олар жиынтығында 800-ге жуық кәсіпті қамтиды.

«Жүргізілген жұмыс шеңберінде 2022 жылы 170 жаңа кәсіптік стандарт өзектендіріліп, 21 жаңа кәсіптік стандарт бекітілді, жиынтығында 1,4 мыңнан астам кәсіп қамтылды. Бұл жұмысты үйлестіруді Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офис жүзеге асырады», - деді ЕХӘҚМ ҰБЖ дамыту және болжау департаменті директорының орынбасары Әсем Өмірбаева.

Кәсіптік стандарттар нарықтың жұмыскерлерге қойылатын өзекті талаптарын шоғырландыруға бағытталған, білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болады және мамандардың кәсіптік біліктілігін тану кезінде ескеріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале