18 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы болып өтті.
Сессияда Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев «Жақсыбай ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы», Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Үнзила Күлтанова «Борсы ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы», Жәнібек колледжінің әдіскері Гүлжан Есмұхамбетова «2015-2016 оқу жылы бойынша Жәнібек колледжінің еңбек нарығының қажеттілігіне байланысты жұмысшы мамандықтарына оқыту және қайта даярлау жұмыстарының барысы туралы», аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиев «Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы» хабарламалар жасады.
Сессия барысында басқа да мәселелер қаралып аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының төрағасы сайланды.
Сессияда аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин күн тәртібінде қаралған мәселелерге және алдағы шешімін күткен міндеттерге тоқталып, сөз сөйледі.
Меңдігүл ФАЗЫЛОВА
Жәнібек ауданы