Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тағдырмен тайталасқан тұлғалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.
Шараға БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұқанғалиев, тарих ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің қауымдастырылған профессоры Бақтылы Боранбаева, сонымен қатар қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, тарихшылар, студент жастар, кітапханашы мамандар және БАҚ өкілдері қатысып отыр.
Шара барысында «Ашаршылық: азалы жылдар жаңғырығы» атты бейнеролик көрсетіліп, «Өзекті өртер шындық» атты кең көлемді кітап көрмесі өтті.
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы.
zhaikpress.kz