29.05.2023, 15:47
Оқылды: 106

«Елге қызмет ету – мінезден»

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Себебі ол –  қашан да биліктің айқын бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетуші тұлға. Әрбір саналы адам еңбек етіп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің мақсаты биік, міндеті үлкен. Ісін жетік меңгерген, халқына адал мамандардың болуы әрбір саланың, өңірдің дамуының басты шарты деп білеміз.

152061dc-3123-4259-b5f1-ab7d71f7eaf4

Осындай парасаттылықты, білімділікті бойына сіңірген, қызметте қол ұшын беруден аянбайтын жандардың бірі – Берік Хуанұлы Иралиев. Ол 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Саратов мемлекеттік ветеринарлық медицина және биотехнология академиясын «ветеринариялық дәрігер» мамандығы бойынша тәмәмдаған соң, еңбек жолын сол жылы Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық ветеринарлық станциясының ветеринариялық инспекторы болып бастаған. 1996-1999 жылдары Тасқала аудандық ветеринарлық станция бастығының орынбасары, 1999-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданының  аумақтық ветеринариялық инспекциясының ветеринариялық бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, одан 2010-2015 жылдары Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарып, 2015 – 2021 жылдары Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасына ауысып эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар бөлімінің басшысы, 2021 жылдың тамыз айынан бастап күні бүгінге дейін талдау, болжау, ветеринариялық есеп және лицензиялау бөлімінің басшысы лауазымын абыройлы атқарып келеді. Мемлекеттік қызметте, соның ішінде ветеринария саласында 27 жыл аянбай еңбек етіп келеді.

Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі, мамандардың жан-жақтылығы аса маңызды екендігін көрсетіп келеді. Қазір елімізде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де күшейіп келеді. Сондықтан өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын жоғары деңгейде жасақтап, ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруын алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру, кене тасымалдаушы болып табылатын мал мен адамға қауіпті аурулардың алдын-алу жұмыстарын  қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар атқарды. Басшылық ететін бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша да жұмыстар атқарады. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айрықша назар аударылып, көңіл бөлінуде. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуымен, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен тығыз байланысты.

«Қазіргі мемлекеттік қызметші жан-жақты болу керек, әсіресе цифрландыру саласын меңгергені де абзал», - дейді Берік Хуанұлы.

Жалпы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқаруда оң нәтиже көрсетіп, маңызды мәселелерді шешуде үнемі жаңа бағыттар мен көзқарастарды қарастырып жүреді. Сонымен қатар Берік Хуанұлы ветеринария саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, саладағы барлық мамандарға және басқармадағы жас мамандарға көмектесіп, кәсіби шеберлігімен үлгі болып келеді.

Әділдік, қарапайымдылық үлгісі, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық - бұл белсенді өмірлік ұстаным. Сол себепті мемлекеттік қызметші іс-әркетіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Сондай қасиеттерге ие болып, сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып, әдептіліктің үлгісі болған Берік Хуанұлы ұжым ортасында беделді, ұстамды, адамгершілігі мол, мінезге өте бай жандардың бірі. Үнемі сыпайы қарым-қатынаста, қарапайым басшы, қызметкерлердің мүддесін қорғап жүреді.

Берік Хуанұлы – облыс деңгейінде ветеринария қызметкерлерінің  алдында сыйлы. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен және басшылық тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталды.

А.Бралиев, 

БҚО ветеринария басқармасы

басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале