19.07.2016, 12:11
Оқылды: 91

Мал азығын дайындау қарқынды жүруде

мал азығын дайындауБиыл Жәнібек ауданында шөптің бітік шығуына байланысты мал азығын дайындау қарқынды жүруде.  Ұзынкөл ауылдық округінде де қысқа әзірлік жұмыстары ойдағыдай атқарылуда. Алдағы қысқа жем-шөптің кепілді қорын жасақтап алу үшін ауылдық округ бойынша науқанға 12 трактор, 15 шөп шабатын агрегат пен тырма, 9 пішен маялағыш және 14 шөпті тайлап буу агрегаты тоқтаусыз жұмыс жасауда.

-Үстіміздегі жылы округ бойынша 27600 тонна мал азығын дайындап алу жоспарлануда. Қазіргі таңда 9 мың гектар алқаптың шөбі шабылып, 5400 тонна өнім алынды. Әр гектардан түскен өнім 6,0 центнерден айналуда. Жоспарланған мал азығының 12500 тоннасы дайындалып, ол 45,0 пайызды құрап отыр, -дейді Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Құрмашев.

                 www.zhaikpress.kz 

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале