Жақсыбайлық Жақсыбек Қаратаев Сарыөзеннің бойынан бақша салып, үш гектардай жерге қияр мен қызанақ, қауын-қарбыз отырғызған. Егілген көкөністердің қай-қайсысы да нитрат, химикат дегендерден ада. Бақшаны күтіп-баптау жұмыстарына екі адам тартылған. Алқап дизель моторы арқылы суарылады. Дайын болған бақша өнімдерін ауылдастарына, іргедегі Қазталов ауданының Қараоба ауылына, Жәнібек ауылында ұйымдастырылатын жәрмеңкеге апарып саудалайды.
А. ҚОЖАҒҰЛОВ,
Жәнібек ауданы