30.05.2023, 21:58
Оқылды: 17

Жалғызбасты зейнеткер баспаналы болды

Бүгін Казталов ауданына қарасты Бірік ауылдық округінің Әжібай ауылында округ әкімі басшылығының бастамасымен жалғызбасты зейнеткер баспаналы болды.

IMG-20230530-WA0331
Болды Гайниева Әжібай ауылының байырғы тұрғыны. Тағдыр тауқыметін тартқан жалғызбасты зейнеткердің арқа сүйері де, жұбанышы да туыстары мен ауыл халқы. Жасында әр түрлі салада бел жазбай еңбек еткен зейнеткер бүгінгі күнге дейін округ әкімі аппаратының теңгеріміндегі ескі медициналық пункт ғимаратының бір бөлмесін паналаған. Жалғызбасты зейнеткердің жағдайы округ әкімін де алаңдатып, бүгін жаңа баспананың кілтін табыстады.

IMG-20230530-WA0338
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша жүзеге асырылып отырған ауыл тұрғынына баспана табыс ету салтанатты шарасына «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов қатысып, зейнеткерді қуанышымен құттықтап, игі іске демеу болған Бірік ауылдық округінің әкімі Жігер Жакиевке ризашылығын білдірді. Жаңа үйдің лентасы қиылып, құран бағышталды.

IMG-20230530-WA0336
Зейнеткердің жаңа баспанасы 4 бөлмелі. Ауласында сарайы мен мал ұстауға арналған қорасы да бар. Жаңа баспана ауыл азаматтарының қолдауымен әрленген.

IMG-20230530-WA0337

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале