Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Зұлматты жылдарда тағдыр тауқыметін тартып, жазықсыз ажал құшқан жандарды Казталов ауданының халқы да еске алып, тағзым етті.
Аудан орталығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары және ашаршылық құрбандарын еске алу алаңында аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов құран бағыштады. Ал, Казталов аудандық орталықтандырылған кітапхана мамандары Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй», Мұнайдар Балмолданың «Он төрт», Хамза Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер», Өмірзақ Озғанбаевтың «Рухы биік тұлға», Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» сынды зұлмат заманның ащы шындығын суреттеген туындыларды көпшілікке таныстырды.
Содан соң аудан жұртшылығы боздақтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталовка ауданы,
zhaikpress.kz