19.07.2016, 15:54
Оқылды: 57

Мүмкіндігі шектеулілерді әлеуметтік қорғау – басты міндет

мүмкіндігі шектеуліЗеленов ауданы  Дариян  ауылында  аудан әкімінің орынбасары  Амангелді  Тоғызбаевтың төрағалық  етуімен   мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу мәселелерін талқылаған басқосу өтті. Жиынға  барлық  округ  әкімдері, мектеп директорлары және  мекеме, ұйым басшылары  қатысты.  

Бұл  мәселе жөнінде  аудандық  жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тілекбай  Қажмұратұлы: -Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтылуы күн  тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі болып отыр. Мүмкіндігі   шектеулі азаматтарды  әлеуметтік қорғау, оларға  кедергісіз  орта құрып, қоғамға  етене  араласуларын қамтамасыз ету – басты міндетіміздің бірі. Осыған орай аудан бойынша нысандардың  қолжетімділігін   паспорттау  басталғанын  қатерлеріңізге салғым  келеді. Ол үшін барлық  мекеме, ұйым басшылары  құжаттандыруға  атсалысып  қана  қоймай, мекемелерін стандарттарға сай етіп бейімдеу  қажет. Паспорттау  бойынша да жоғары  көрсеткішке ие болу шарт. Басшылар осы  жұмыстарды дереу қолға алып, нысандардың паспортталғандығын порталға  енгізуі тиіс, -деп, паспорттау мен бейімдеу жұмыстары кенже  қалмай, олқылықтардың  орын алмауына жете  назар  аударылып  отырғанын  қадап  айтып, тез  қимылдауға  тапсырма берді. Мұнан  кейін  осы  ақпаратпен қатар құжаттың   қалай  жүргізілетіні   туралы  да  арнайы  бланкалар  арқылы  түсіндірілді. Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  сұрақтар қойып, ұсыныстарын да ортаға  салды.

Жиынды  қорытындылаған  аудан  әкімінің   орынбасары  Амангелді    Тоғызбаев    басқосуда  қаралған   мәселелер  бойынша   берілген  тапсырмалардың  уақтылы  орындалуын  тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан  АЯЗБАЕВА

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале