1.06.2023, 17:00
Оқылды: 103

Түлектердің туған жерге тартуы

Бүгін аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Жалпақтал ауылындағы түлектердің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан шараларға қатысты.

жалпактал (1)

Соңғы жылдары ауданымызда мектеп түлектерінің бастамасымен көптеген нысан бой көтеруде. Мәселен, 2022 жылы әр жылдары мектеп бітірген түлектер бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында  81 млннан астам, 2023 жылы 70 млннан астам қаражатқа игі жоба жүзеге асырылды.

жалпактал (3)

Аудан әкімі алдымен Ғ.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі соңғы қоңырау салтанатына қатысып, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Содан соң ауылдағы 20 жылдық мектеп түлектері тарту еткен «Жалпақтал» жол аркасы, 30 жылдық мектеп түлектерінің бастамасымен бой көтерген «Ту тұғырының» ашылу салтанаты мен 50 жылдық мектеп түлектерінің «LED экран» сыйға тарту шарасына қатысып, түлектерге ришалығын білдірді.

жалпактал (4)

- Туған жерге тағзым етіп, туған ауылды көркейтіп, туған елдің дамуы мен гүлденіп көркейе түсуіне ат салысып, ел болашағының отансүйгіштік, қайырымдылық сынды патриоттық сезімдермен өсуіне тигізген азаматтық үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Елімізге белгілі айтыскер ақын Бауыржан Ширмединұлының «Адамның кіндік қаны тамған жерге, Маңдайының тері де таму керек» деген керемет сөзі бар. Сіздер игі істеріңіз арқылы келешек ұрпаққа үлгі болып отырсыздар, - деді аудан әкімі.

жалпактал (2)

Жалпақталдағы қуаныш тойында жерлес журналист Гүлнар Сабырқызы Қапашеваның «Көңілім аш болмасын десең…» атты кітабының тұсауы кесілді.

жалпактал (6)

Аудан руханиятын толықтырған кітапты Гүлнар Сабырқызының апасы Айгүл Сабырқызы мен қызы Аңсағаным Жанұзаққызы таныстырып, кітапхана қорына табыстады.

20230601073805_IMG_9336

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

20230601070242_IMG_9291

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале