1.06.2023, 23:10
Оқылды: 20

«Ақжайық» ФК кезекті үш ұпайын иеленді

Бүгін бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының X турында «Ақжайық» елордалық «Астана-Жас» командасын қабылдады.

9EC227AB-9F1D-4432-877C-EFDF1EC8E2EA

Осыған дейінгі турда демалған Игорь Прохницкий жігіттері шабуылға бірден ден қоя алмады. Десе де оралдық команда ойыншыларының шеберліктері басым екені көрініп тұрды. Әсіресе биылғы маусымда негізгі құрамда алғаш шыққан Әділет Болатов белсенді болды. Тіпті Микола Агаповқа тамаша пас та шығарған еді. Бірақ украиндық футболшы есеп аша алмады. 15-інші минут түгескен шақта қапталдан келген пасты голға айналдыра білген Евгений Кобзарь есеп ашты.

B423BB12-2EAF-49D0-B629-6EF94A547F8E

Ойынның І таймы 1:0 есебімен «Ақжайық» пайдасына аяқталды.

Екінші таймда шабуылды күшейтпек болған «Ақжайық» бапкері алаңға Арман Смаиловты жіберді.

Миколамен тізе қоса шабуылдаған Арман қарсылас қорғанысының дегбірін қашырды. Дүркін-дүркін шабуыл нәтижесін беріп, алдымен Микола Агапов, артынша Арман Смаиловтың өзі гол соғып, команданы алға жетеледі.

Есеп 3:0 болғанына қарамастан, шабуылды тоқтатпаған Оралдың жігіттері төртінші голды да соққан еді, оны төреші оффсайд деп есептемеді.

46031CC1-CA13-4623-BA22-2A85A6BC0320
Екінші таймда алаңға шыққан жас ойыншы Саламат Гайсиев белсенді өнер көрсетті.

Осылайша «Ақжайық» кезекті үш ұпайын қанжығалады.

Енді Игорь Прохницкий жігіттері келесі ойынын маусымның сегізі күні «Жас қыран» командасына қарсы қонақта өткізеді.

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале