Бүгін бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының X турында «Ақжайық» елордалық «Астана-Жас» командасын қабылдады.
Осыған дейінгі турда демалған Игорь Прохницкий жігіттері шабуылға бірден ден қоя алмады. Десе де оралдық команда ойыншыларының шеберліктері басым екені көрініп тұрды. Әсіресе биылғы маусымда негізгі құрамда алғаш шыққан Әділет Болатов белсенді болды. Тіпті Микола Агаповқа тамаша пас та шығарған еді. Бірақ украиндық футболшы есеп аша алмады. 15-інші минут түгескен шақта қапталдан келген пасты голға айналдыра білген Евгений Кобзарь есеп ашты.
Ойынның І таймы 1:0 есебімен «Ақжайық» пайдасына аяқталды.
Екінші таймда шабуылды күшейтпек болған «Ақжайық» бапкері алаңға Арман Смаиловты жіберді.
Миколамен тізе қоса шабуылдаған Арман қарсылас қорғанысының дегбірін қашырды. Дүркін-дүркін шабуыл нәтижесін беріп, алдымен Микола Агапов, артынша Арман Смаиловтың өзі гол соғып, команданы алға жетеледі.
Есеп 3:0 болғанына қарамастан, шабуылды тоқтатпаған Оралдың жігіттері төртінші голды да соққан еді, оны төреші оффсайд деп есептемеді.
Екінші таймда алаңға шыққан жас ойыншы Саламат Гайсиев белсенді өнер көрсетті.
Осылайша «Ақжайық» кезекті үш ұпайын қанжығалады.
Енді Игорь Прохницкий жігіттері келесі ойынын маусымның сегізі күні «Жас қыран» командасына қарсы қонақта өткізеді.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
12:4529.09.2023
Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді
10:0029.09.2023
Оралда күзгі санитарлық-экологиялық айлық басталады
15:4528.09.2023
БҚО әкімінің баспасөз қызметі: «Облыс әкімінің отставкаға кетуі туралы мәселе заң аясында қарастырылды»
14:3028.09.2023
Биыл БҚО-да екі баладан көкжөтел тіркелді
29.09.2023, 12:45
29.09.2023, 10:00
28.09.2023, 15:45
28.09.2023, 14:30