2.06.2023, 11:00
Оқылды: 60

Ақтөбеге барар жолда жол апатынан төрт мұғалім қаза тапты

Кеше, 1 маусым күні Самара-Шымкент  тас жолында «Lada Largus» машинасы «DAF» жүк көлігіне соқтығысқан.

ақтөбе

«Lada Largus» көлігіндегі үш адам сол мезетте тіл тартпай кеткен. Төртінші адам ауруханада көз жұмған.

- «Lada Largus» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, жылдамдықты асырып «DAF» жүк көлігінің артқы жағынан соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, төрт адам Қобда  аудандық ауруханасына жеткізілді, - деді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Еркін Өтеген.

актөбе

Қаза тапқандар ішінде екі адам Орал қаласының мектептерінде жұмыс істеп жүрген мұғалімдер деген ақпарат тарады.

ақтөбе1

Бұл ақпаратты Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі растады.

«Ақтөбеге бара жатып, жол апатына түскен көліктің ішінде біздің мұғалімдеріміз бар. Олардың үшеуі қалалық білім бөліміне бағынысты мектептердің логопед-деффектологтары. Атап айтсақ,  № 47, 5,9 мектептің мұғалімдері. Олар Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде сырттай бөлімде оқығандар. Бүгін диплом алулары керек болатын. Сол үшін өз есептерінен демалыс алып, жолға шыққан мұғалімдер еді, - деді қалалық білім бөлімінің баспасөз хатшысы Эльмира Нұғманова.

Жол апаты болған жерде қаза тапқан үш мұғалімнің бірі №47 мектептің мұғалімі екен. Ал біреуі Бәйтерек, біреуі Казталов ауданының мұғалімі.

Қобда аудандық ауруханасында көз жұмған төртінші мұғалім Орал қаласының психологиялық-педогогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы.

Қазіргі уақытта №5 мектептің мұғалімі мен Бәйтерек ауданының екінші мұғалімі Қобда аудандық ауруханасында емделіп жатыр.

«Lada Largus» көлігінде бес  мұғалім болған.

Алтыншы мұғалім №9 мектептің мұғалімі басқа көлікпен барған. Ол аман-сау деді білім басқармасының өкілі.

- Бүгінде қаза тапқан мұғалімдерге облыстық білім басқармасы кәсіподақтар арқылы тиісті көмекті ұйымдастырып жатыр, - деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметкері Үміт Жәңгірова.

Қаза тапқан мұғалімдердің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале