3.06.2023, 14:43
Оқылды: 46

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Оралда VI  «Uralsk Green Forum» халықаралық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғау құндылығын арқау еткен форумда «ESG мен тұрақты даму принциптерін интеграциялаудағы жаңа трендтер» тақырыбы көтерілді.

IMG-20230603-WA0109

Шара мақсаты - өңірлердің тұрақты дамуы үшін ESG принциптерін қолдану мүмкіндіктерін қарастыру, аймақтағы көміртекті офсет жобаларын әлеуетті дамыту мәселелерін талқылау және қалдықтарды басқару әдістерін жетілдіру мен ОҚТ-ны тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін саралау.

IMG-20230603-WA0106

Форумға Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреағалиев, Экология министрлігі, Энергетика министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі өкілдері, Мәжіліс депутаттары, табиғат пайдаланушы компаниялар, салалық қауымдастықтар, агенттіктер, үздік сарапшылар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

IMG-20230603-WA0105

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірде табиғи ресурстарды, оның ішінде суды үнемдеп пайдалануға қатысты атқаралып жатқан жұмысқа тоқталды.

- 2019 жылдан бері көрші Ресейден өңірдің оңтүстік және батыс аудандарына жеткізілетін су көлемі артты. Сонымен қатар жергілікті су айдындары «қоректенетін» 178 шақырымдық Киров-Чижин каналының реконструкциясы аяқталды. Біз жаңа технологияларды енгізу арқылы су ресурстарын тиімді басқарып, ұқыпты пайдалануымыз керек. Жер асты суларын пайдалануға өту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар су үнемдеу технологияларын енгізу жұмысын күшейтуі керек. Ал «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы аясында облысымызда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 15-тен 18%-ға жеткізуді жоспарлап жатырмыз. Көміртекті бейтараптыққа жету және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобаларын дамытуға барлық алғышарттар бар, - деді облыс басшысы.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Бас директоры Джанкарло Рую дәстүрлі форумның маңыздылығын атап өтті.

- Осы форумда біз қызметімізді экология тұрғысынан тиімді етуге бағытталған жоспарларымыз туралы айтып, ой бөлісеміз. Себебі осылай барлық тараптың басын қосу арқылы ғана бастамаларымызды алға жылжыта аламыз. Жалпы «жасыл» экономикаға көшу мәселесі бизнесті дамытумен тығыз байланысты, екеуін бөлек қарастыруға болмайды. Біз еліміздің және өңіріміздің дамуына, өркендеуіне, жұмыс орындарын қамтамасыз етуге үлес қосқымыз келеді. Бірақ оны экологиялық тиімді жолмен жүзеге асыруымыз керек. КПО – ірі кәсіпорын, өңірдегі ықпалы да зор. Компаниямызда 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қызметіміз де кеңейіп жатыр. Сондықтан бізге осы салада көшбасшы болу қажет. Бизнестің экологиялық тұрғыдан тиімдірек, тұрақты болып, экологиялық бетбұрысқа қалай үлес қоса алатыны туралы талқыға себепші болып, ой бөлісу біз үшін маңызды, - деді компания басшысы.

IMG-20230603-WA0114

Форум соңында БҚО әкімігі мен КПО компаниясының арасында «Батыс Қазақстан облысында әлеуетті офсеттік жобаларды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімге, сонымен қатар БҚО экология департаменті, БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, КПО компаниясы және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті арасында «Қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды қайталама шикізат ретінде қолдану мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы» келісімге қол қойылды.

IMG-20230603-WA0113

Форум қорытындысы ретінде резолюция қабылданып, қатысушылар өңірдің тұрақты дамуы үшін ESG қағидаларын дамытуға жағдай жасауға, парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында халықтың табиғатты қорғау технологияларын пайдалану және қалдықтарды тұрақты басқару салаларындағы мәдениетін көтеруге бірге әрекет етуге келісті.

IMG-20230603-WA0112

Сонымен бірге форумда қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму саласындағы үздік мекемелер мен мамандар марапатталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале