Бүгін, яғни 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы орайда, Шыңғырлау ауданы орталығында «Рәміздерім-мақтанышым» атты
мерекелік шара өтті.
Сахна төріне салтанатты түрде Мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран ойналды.
Аудан әкімі Мұрат Өміралиев: "Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін",- деген тілегін білдіріп, ауданымыздың дамуы үшін елеулі қызмет атқарған ардагерлер мен еңбектерімен ерекшеленген қызметкерлерге алғысхаттар табыстады.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің атынан аудандық «Дән» мәдениет үйінің директоры Байғалиев Мұхит «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Мади Жұмашев, Ақбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері Венера Дожанова, «Дән» ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанар Истелева және Алмаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жарқынай Жетмекова аудан әкімінің алғысхаттарымен марапатталды.
Шара барысында патриоттық тақырыпта әсем әндер шырқалды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz