6.06.2023, 17:59
Оқылды: 62

Түрікменстандық әуекомпания Алматыға қайта ұша бастады

"Түрікменстан" әуекомпаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

photo_113355

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын қалпына келтіру пысықтады.

 "Осылайша, 2023 жылдың 2 маусымынан бастап "Түрікменстан" әуекомпаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастады. Тасымалдау "Боинг - 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағыты бойынша орындалады", - делінген хабарламада.

Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

tengritravel.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале