Аудандық мәслихат депутаттары Шынар Дүйсенғалиева мен Айнагүл Ойшыбаева аудан орталығынан шалғайда орналасқан Тасқұдық ауылында болып, тұрғындарды қабылдады.
Азаматтарды қабылдау кезінде депутаттар ауыл тұрғындарының тұрғын үй, тұрғын үйлерге көгілдір отын тарту мәселесі жөніндегі шағымдарын тыңдап, шешу жолдарын талқылады.
Атап айтсақ, балабақшаға баласын орналастыру керегін айтқан ата-ананың базынасына депутаттар құжат рәсімдеуге жәрдемдесетін болды.
Ауылдағы тағы бір күн тәртібіндегі мәселе - ауыл іші жолдарын тегістеу мен ауыл сыртындағы бөгетті бөгеу.
Осындай қордаланған мәселелерді депутаттар өз тараптарынан шешу жолдарын қарастыру мақсатында құзырлы мекемелермен жұмыстанатын болады.
Тасқұдықтық ағайынның басқа да мәселелері бойынша фракция мүшелері ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында кеңестер беріп, кейбір мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz