14.06.2023, 11:45
Оқылды: 40

Орал қаласындағы NIS «Алтын белгі» иегерлері бойынша алдыңғы қатарда

Орал қаласы NIS-тің 11 зияткері мектеп қабырғасын «Алтын белгіге» аяқтап, мерейді асқақтатты.

ac5acd66-ebc2-4e8c-9ab7-bf501b7c696a

Бұл нәтижемен білім ордамыз республикадағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында алдыңғы қатардан көрінді.

Алтын белгі иегері атанған оқушылар бүгінде шетелдік ЖОО-дан шақырту алып үлгерді.

Атап айтсақ, Ақбота Алтынбек Италия, Германия мемлекеттерінен, Айкөркем Нуржанова Италия мен Гонконгтан, Нұрлыбай Әлия Қытай, АҚШ университеттерінен, Сағынгерей Жәния АҚШ, Франция, Финляндияның жоғары оқу орындарынан шақырту алса, Есболсын Бахтияр Германиядағы Якобс университетінің грант иегері атанды.

Казетова Сауле John Hopkins Center for Talented Youth бағдарламасының сертификат иегері болса, Мальбекова Мөлдір Италия мемлекетінің ЖОО грантын еншіледі.

Ал Тасбулатова Айнұр Түркия, Венгрия, Италия, Финляндия мемлекеттерінің бірқатар оқу орындарынан, Жолдықұл Елнұр Италия мен Венгриядан шақырту алды.

Бауыржан Нұртөре Италия, Германияның жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігіне ие болса, Баудынбай Тоғжан оқу жылында «Business plan competiton – 2022» бағдарламалау бойынша Wunder курсына қатысып үлгерді, сондай-ақ «Елбасы медалін» иемденді.

Зияткерлік қарым-қабілетін көрсетіп, өз білімдерін әлемдік деңгейде дәлелдеген шәкірттерімізді мақтан етеміз.

Мөлдір Латифова,
Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале