Оралдық түлек Тарлан Исатайұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 136 балл жинады. Ол №35 лицей түлегі, "Үздік аттестатқа" үміткер оқушы. Сүйікті пәні - математика.
Республикалық ғылыми жобалар байқауының қатысушысы. Математика пәні бойынша бірнеше жыл қатарынан облыстық олимпиада жүлдегері. Биыл республикалық олимпиадада математика пәнінен 3-орын иеленіп, қола медальға ие болды.
Республикалық олимпиадада қос бірдей университеттің — Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің және Оңтүстік Қазақстан университетінің, грантын алған оқушылардың бірі. Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін болған 140 баллдың 136-сын жинап, ұстаздары мен ата-анасының, мектеп мерейін асқақтата түсті.
Тарлан болашағын математика-физика саласымен байланыстыруды, осы ретте Алматы энергетикалық университетінде білім алуды мақсат етіп отыр.
Эльмира Нұғман,
Орал қаласы білім
бөлімінің баспасөз хатшысы