14.06.2023, 23:18
Оқылды: 101

«Жасыл шалғын-2023»

Казталов ауданында қысқа мал азығын дайындау науқаны басталды. Жасыл шалғынға орақ салған ағайындар көп. Солардың қатарында Болашақ ауылдық округіндегі «Жан-нар» шаруа қожалығы мен «Дауымшар» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі.

20230614_210258
Аталмыш кәсіпорын қызметкерлері қырлық шабындыққа орақ салып, шөп шауып, буып жатыр. Кәсіпорын жетекшісі Дарын Ашимовтың айтуынша, биыл Болашақ ауылдық округінде биыл шөптің шығымы жаман емес. Әр гектарынан 5-6 центнерден өнім алуға болады.

IMG-20230614-WA0042
Биыл ауданымызда шөптің шығымы әр округте әр түрлі. Су мол шыққан Жалпақал өңірінде көлдіктер мен жайылмаларда шөп шығымы мол болса, Казталов, Бірік, Бостандық, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінде төмен.

IMG-20230614-WA0043
«Елде болса ерінге тиеді» демекші, қысқа әзірлік жақсы болса, елдің де жағдайы жақсы болмақ.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале