27.07.2026, 23:00
Оқылды: 2

Шыңғырлауда заманауи өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталды

Шыңғырлау ауданының орталығында жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталды.

image-27-07-26-07-38-2

1967 жылдан бері пайдаланылып келген бұрынғы ғимарат әбден тозып, апатты деп танылған еді. Көптен бері көтеріліп келген бұл мәселе оң шешімін тауып, ескі нысанның орнына заманауи талаптарға сай жаңа бекет салу қолға алынды.

Жоба Төтенше жағдайлар министрлігінің қаржыландыруымен, Батыс Қазақстан облысы ТЖД қолдауымен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

​Құрылыс алаңына аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев пен БҚО ТЖД бастығы Ернур Жаншин арнайы барып, мердігер ұйым өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді. Жиында жұмыстың сапасы, белгіленген мерзімде аяқталуы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы талқыланып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

image-27-07-26-07-38-3

Жаңа ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған бокстар, жеке құрамның кезекшілік етуіне қажетті демалыс, оқу және спорт бөлмелері қарастырылған. Бұл нысан аудан халқының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Қаршыға Асу, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале