Жаңақала ауданында “Ардагер өсиеті - елге өнеге” атты кездесу кеші өтті.
Өмір мектебінен өткен аға буын өкілдері мен ел ертеңі саналатын өскелең ұрпақтың басын қосқан жиында алғысөз аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Жаимовқа берілді. Содан соң, мерейтой иелерін арнайы құттықтап, иықтарына қазақты дәстүрді айшықтайтын шапан жауып, құрмет көрсетті.
Әрі қарай, кеш “Өмірден түйгенім…” атты сыр-сұхбат алаңына ұласып, зейнеткерлер саналы ғұмырында жинаған өмірлік тәжірибесі мен еңбек жолы және жастық шағы жайлы сыр шертті. Сондай-ақ, қазіргі жастардың өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті де сөз болды. Кездесуге қатысқан жас буынның қызығушылық танытпай, айтылған есті әңгімеге назар салмағаны жанға батты. Десе де, естір құлаққа өте қажетті әрі пайдалы дүниелер сөз болды. Ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, өнегелі әңгіме мен ақ батасын берер ақсақалдылар мен ақжаулықтылар аман болсын.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы