15.06.2023, 9:15
Оқылды: 63

«Басылымды қолдау — азаматтық борышым»

Жуырда «Ақжайық» футбол клубының капитаны Бауыржан Омаров редакциямызға арнайы келіп, өзіне және тағы екі ардагерге деп «Орал өңірі» газетін жаздырды.

сапанов подписка

Команда капитанының бұл тамаша бастамасын басқа ойыншылар да қолдауда. Жуырда «Ақжайық» ойыншысы, өңір футболындағы аңыз адам Мирам Сапанов редакция кеңсесіне келіп, Омаровтың өнегелі ісін қайталап, газет жазылымына қолдау білдірді.

– Көсемсөз шебері Ахмет Байтұрсыновтың «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген тамаша теңеуі бар. Осы нақылдың ел аузында жүргеніне бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жойған жоқ. Жаңа технологиялардың қарыштап дамыған заманында да газет бәсекеге төтеп беріп, негізгі ақпарат таратушы құралға айналып отыр. Ақын Қайрат Жұмағалиевтей ағамыздың қолтаңбасы қалған «Орал өңірі» газеті – Ақ Жайық өңірі баспасөзінің қара шаңырағы, жаңалықтың жаршысы.

Тарихы тереңде жатқан облыс баспасөзінің бастауында Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Елеусін Бұйрин сынды атпалдай азаматтарымыздың тұрғаны мәлім. Бір кездері аты аталмай қалған арыстардың өмір жолының кеңінен насихатталуына «Орал өңірі» ерекше үлес қосты. Сол себепті облыстың басты үнпарағын қолдау – менің азаматтық борышым, – деді футболшы Мирам Сапанов.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале