15.06.2023, 15:45
Оқылды: 49

Тың деректерге бастар жол

Тасқала төрінде «Таңғажайып Тасқала» экспедициясы басталды. Тарихи зерттеулерге қарағанда, аудан іргесіндегі Бірлік елді мекенінен сонау бір ескі замандарда жылқының алғашқы рет қолға үйретілгені анықталған екен.

тың д 3

Тасқала жерінде Ешкітау, Үлкен үңгір, Кіші үңгір, Еменжар секілді құпиясын қойнына қысып, әлі күнге толықтай ақтарылмай жатқан жерлер қаншама? Аудан әкімдігінің кіші залына жиналған зиялы қауым өкілдері мен сала мамандары экспедиция барысымен кеңесті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Тұрмағамбетов жиынды ашып, экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.

тың д 2

Ауданға келген өлкетанушы Айболат Құрымбаев Тасқала жерінде тұншығып жатқан тарихи деректердің бар екенін алға тартты. Солардың бәрін жарыққа шығарып, тарихи жәдігерлерге бай екенімізді дәлелдеу керекпіз дегенді айтты.

тың д 4

Жиында PHD докторы, кәсіби-археолог Мұрат Қалменов те өз ойын бөлісті. Аталмыш экспедиция 26-27 маусым күндері аудан аумағында жүргізіледі деп күтілуде. Басқосу соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез зиялы қауым алдында жиынның мақсатына тоқталып, бастаған істі соңына дейін жеткізуге шақырды.

тың деректер 1

Экспедиция мүшелерінің әрқайсысының өз алдына міндеті бар екенін және сол міндетті абыроймен атқару керектігін түсіне алғанда қойған мақсатымызға жетеміз деп түйіндеді.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале