Дәл қазір шаһардағы «Атамекен» өнер ордасында Шыңғырлау ауданының 95 жылдығы аталып өтіп жатыр. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысуда.
Өнер орталығының фойесінде шыңғырлаулық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің өнімдері және жобалары қойылған көрме ұйымдастырылуда. Өңір басшысы алдымен көрмемен танысты.
Жиылған қауым Шыңғырлау ауданы көркемөнерпаздарының концертін тамашалауда.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан аудан 1928 жылы құрылған. Биыл ауданның құрылғанына 95 жыл толды.
zhaikpress.kz