Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жетісу облысында көлік апатынан екі адам мерт болып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында болды.
«Сарыөзек-Көктал» автожолының 99-шақырымында «Subaru Forester» автокөлігі «SHACMAN» жүк көлігімен соқтығысқан. Жапондық шетелдік көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ ауруханаға жеткізілген кезде сол көлікте болған 45 жастағы жолаушы да қаза тапты. Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.