16.06.2023, 12:45
Оқылды: 692

Көлік апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға түсті

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жетісу облысында көлік апатынан екі адам мерт болып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

dc766721-ab48-465d-81ef-ba153ce68a38

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында болды.

«Сарыөзек-Көктал» автожолының 99-шақырымында «Subaru Forester» автокөлігі «SHACMAN» жүк көлігімен соқтығысқан. Жапондық шетелдік көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ ауруханаға жеткізілген кезде сол көлікте болған 45 жастағы жолаушы да қаза тапты. Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

 

  • Жетісу облысының полициясы жүргізушілерді автокөлікті басқару кезінде мұқият болуға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жүргізушілердің әрқайсысы өзі үшін ғана емес, жолаушыларының өмірі үшін де жауапты екенін қаперде ұстауы керек, - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале