16.06.2023, 18:05
Оқылды: 98

Ақсақалдар – топтастырушы күш

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстанды жүйелі қайта құру мен түбегейлі саяси және экономикалық реформалар процесін іске қосты.

аксакал

Былтыр қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында Президент өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі қызметін жолға қоюды, жұмысын жүйелеп,  мәртебесі мен ықпалын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Президенттің  осы тапсырмасы бойынша Теректі  ауданына  БҚО ХҚА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Амангелді Дәулетжанов пен БҚО әкімдігі ҚДБ “Қоғамдық келісім” КММ әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Бекқали Бержанов арнайы келді.

Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова жүргізген басқосуға жергілікті ақсақалдар кеңесі өкілдері, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі қызметі жайлы қысқаша мағлұмат берген Амангелді Медхатұлынан соң сөз алған Бекқали Базарбайұлы кеңестің мақсаты, алдында тұрған  міндеттері жайында тарқатып айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақсақалдар кеңесінің жұмысы  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда ұрпақтар сабақтастығы мен байланысын қамтамасыз етуге, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын ұлғайтуға, Қазақстанның дамуының жаңа кезеңіндегі саяси реформалардың маңыздылығын, мұраттары мен құндылықтарын іске асыруға және түсіндіруге бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік құрылыс пен ауқымды саяси қайта құрулардың қазіргі кезеңінде бұл жұмысты негізгі үш бағытқа:  елді дамытудың мақсаттары мен міндеттері төңірегінде қоғамды топтастыру, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге шоғырландыру маңызды. Осыған байланысты жергілікті Ақсақалдар кеңесі алдына  идеологиялық, ұйымдастырушылық және практикалық міндеттер қойылады.

Ақсақалдар кеңесінің алдағы қызметі мен атқарар міндетіне қаныққан әр ауылдың үлкендері Амангелді Дәулетжанов пен Бекқали Бержановтың сөздерінен ой түйді. Енді олар ауылдық округтер әкімдерімен бірлесе іс-қимыл жасау жайын жоспарлайды.

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале