21.07.2016, 17:13
Оқылды: 31

Жер қатынастарына аса қырағы көзқарас қажет

жер 0атнастарыАқжайық ауданының 18 ауылдық округінің бүгінге дейін 11-індегі қоғамдық кеңестерде Жер реформасы бойынша талқылау өтіп, әңгіме жер қатынастарына сауаттанудан бастап, мәселенің сан қырын қамтыды. Бұрын жалға алынса да, талай уақыт жөнді пайдаланылмай қалған алқаптардан дәйектер келтірілді.


Бүгінде бұл ауданда да ауылшаруашылық жерлерін түгендеу жүргізілуде, ауқымды есеп-қисап орындалуда. Соңғы жылдары кезінде шаруалар алып, бірақ ұтымды пайдаланылмай қалған 97200 га. жер мемлекет қорына қайтарылды. 69 шаруа қожалығының 85000 га. алқабы ықшамдалды. Соңғы айларда алды 2000, соңы 70 га. шамасында жер бар 18 шаруа қожалығында анықталған 18 заңбұзушылық бойынша ескерту берілді. Бұдан 6 шаруа қожалығы бір ай мерзім тиісті қорытынды шығарды. 3 шаруа қожалығы өздерінің мүмкіндігін ескерген болар, алқаптарын қайтарды. Бірсыпыра шаруа қожалығы бойынша құжаттар ауданаралық сотқа жіберілетін болады.

Қоғамдық кеңестер отырыстары барысында аудан әкімінің орынбасары Асқар Әбуғалиев Жер реформасының елімізге әкелетін ұтымдылықтары, жер қорларын басқаруда түбегейлі өзгерістер болатыны жайында айта келіп, заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстардан жан-жақты хабардар жасады.

Көптеген ой-толғамдар ортаға салынды. Мысалы, Ілбішін ауылындағы басқосуда сөз алған шаруалар, тұрғындар алқаптар, телімдер шетелдіктерге сатылмауы тиіс деген көпшіліктің пікірін қолдайтындарын айтты. Осында елдімекендер маңында тұрғындардың малы үшін жайылымға қатысты түйіндер туралы біраз сөз болды. Айталық, ауылдық округ орталығы Ілбішін мен Қабыл бөлімшесі арасы – 7 километр, Қабыл мен Бекет күтірі арасы – 3 километр. Сол аралықтарда шаруа қожалықтары орналасқан. Әрине, мұнда олардың кінәсі жоқ. Бұрын елдімекендер айналасынан кемінде 10 – 15 километр жерде халықтың малына өрістің жайын ойламаудан кеткен мәкілік болып табылады. Біраз ауылда осындай проблемаларды оңынан шешу үшін көп күш керек. Тұрғындардың малына жайылым мәселесі Жаңабұлақ ауылындағы отырыста да алаңдаушылықпен сөз болды.

Кезінде ұжымшар, кеңшарлар тарағанда берілген жер үлесі иелерінің өз құқықтарын толық білмеуінің зардабы әрине, әлі күнге ілесіп келеді. Бұл баршамызға ашық сабақ болуы керек. Қоғамдық кеңестер отырыстарында заңнаманы оқып-үйрену мықты қаперге салынды, жер телімдерін бергенде тиісті комиссиялар оның иелері атанар жандардың еңбекқорлығын ескеруі, ауыл шаруашылығының білікті мамандарын аудандағы колледждерде даярлауға ерекше назар аударылуы туралы да баяндалды.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале