19.06.2023, 9:45
Оқылды: 18

Қазақстандық теннисші Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

lomakin_irandagy_zha_1687147123

Фото: ktf.kz

Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г. Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ломакин жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда ресейлік Денис Клокқа есе жіберді – 1:6, 2:6.

Григорий Ломакин жұптық сында ATP Live рейтингісінде 247-ден 246-орынға көтерілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале