20.06.2023, 10:30
Оқылды: 29

БҚО-да 10 тонна тоқыма бұйымдары тиелген жүк көлігі жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында 10 тонна тоқыма бұйымдары тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

70c57dd7-b8ca-4a6b-aca6-5b9eee78c0a9

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 17 маусым күні кешкісін Теректі ауданы аумағында болған.

«Сағат 19.27-де Самара-Шымкент жолында 45 жастағы шымкенттік жүргізуші айдап келе жатқан Scania жүк көлігі отқа оранды. Жүк көлігінен шыққан өрт құрғақ шөпке жайылып, аумағы 200 шаршы метрді құрады. «Тілсіз жау» сағат 21.15-те оқшауланып, 23.30-та толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жүк көлігі Қырғызстаннан Мәскеуге шұлық, мата апара жатқан. Жыл басынан бері өңірде 8 жүк көлігі өртенді», деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале