21 шілде күні сағат 18.00 шамасында Ақжайық ауданның орталығы – Чапаев тұсында Жайық өзеніне екі жасөспірім қыз суға батып кеткен.
Суға кеткен М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары Д. М. және И. М. , екеуі де 2003 жылы дүниеге келген.
– Манарбекованың денесі осы кеште, сағат 22-де жедел құтқару жасағымен табылды. Меңдешеваның денесі іздестірілуде. Сүңгуірлер әрекет жасауда, олар түнгі 1-ге дейін іздестірді, бүгін алатаңнан тағы іске кірісті. Оқиға орнында прокуратура, ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бар,-деді төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірхан Қажығалиев.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz