«Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымында Елбасының «Әлем.ХХI ғасыр» Манифесі және Ұлт жоспарын талқылау өтті.
Жиынға еңбек ардагерлері мен жастар, аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері, жұмыссыздар қатысты.
Басқосуды ашқан «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Салтанат Аманғалиева талқыланғалы отырған құжаттың маңыздылығы мен мәніне тоқталды. Бұдан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиев «Әлем. ХХI ғасыр» Манифесі жөнінде келелі ой толғаса, Ұлт жоспары хақында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Сағынбек Стамов көпшілікке баяндады. Баяндамалардан соң маңызды құжаттарды талқылауға еңбек ардагері Қабаш Жүнісов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Н.Жапақов
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz