182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Соның ішінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдары «500 Ғалым» жобасы аясында алғашқы лек жеңімпаздарының қатарынан көрінді.
Лилия Мергалиева – Ұлы Британия астанасы Лондондағы Корольдік колледжіне, Нұршат Майманова – Польшаның Экономика университетіне және жас ғалым Айдана Кенжеғалиева – Полшаның Ұлы Казимир университетіне жолдама алды.
Жоба аясында үздік ғылыми орталықтарда тәжірибе алмасып, зерттеу жүргізуге мүмкіндіктері мол.
ЖОО-да «500-ғалым» ғылыми тағылымдамалар жобасына қатысуға қызығушылық жыл сайын артып келеді.
Өткен жылы да БҚУ-дың үш оқытушысы Тұрғымбаев Ахан – Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Сабырғалиева Назгүл - Экономика университеті, Польшада, Мухиева Гүлмира - Ұлы Казимир университеті, Польшада тағылымдамадан өтті.
Биыл конкурстың 2 легіне 13 оқытушы өтінім беріп отыр.
БҚУ-дың баспасөз қызметі