23.06.2023, 15:15
Оқылды: 506

БҚУ-лық үш ғалым «Болашақ» арқылы білімдерін жетілдіреді

182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Соның ішінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдары «500 Ғалым» жобасы аясында алғашқы лек жеңімпаздарының қатарынан көрінді.

4a035895-eccb-4456-9fca-252bababe69b

Лилия Мергалиева – Ұлы Британия астанасы Лондондағы Корольдік колледжіне, Нұршат Майманова – Польшаның Экономика университетіне және жас ғалым Айдана Кенжеғалиева – Полшаның Ұлы Казимир университетіне жолдама алды.

3c1930c2-6658-452d-b8d6-e2d5e752f4ff

Жоба аясында үздік ғылыми орталықтарда тәжірибе алмасып, зерттеу жүргізуге мүмкіндіктері мол.

ea30e497-6643-4afe-bb68-124f1ce96d05

ЖОО-да «500-ғалым» ғылыми тағылымдамалар жобасына қатысуға қызығушылық жыл сайын артып келеді.

Өткен жылы да БҚУ-дың үш оқытушысы Тұрғымбаев Ахан – Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Сабырғалиева Назгүл - Экономика университеті, Польшада, Мухиева Гүлмира - Ұлы Казимир университеті, Польшада тағылымдамадан өтті.

Биыл конкурстың 2 легіне 13 оқытушы өтінім беріп отыр.

БҚУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале