23.06.2023, 16:53
Оқылды: 72

NIS оқушылары төл жобаларымен авторлық құқықтар алуда

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Жеңіс Қазбек пен 9-сынып оқушысы Дильназ Амангельдиева Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасын компьютерлік модельдеу бойынша авторлық құқық алды.

8d2c455c-5ab6-4788-9d51-f60509d0271b

Зияткерлер қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Сралиева, информатика пәнінің мұғалімі Г. Нагибованың жетекшілігімен фоносемантикалық талдау негіздерін игеру, қазіргі уақыттағы қолжетімді VAAL бағдарлама ортасын зерттеу және аталған туындыға сентименттік талдау жасау арқылы оның эмоционалды графигінің компьютерлік моделін жасады.

– Болашақта зерттеу жұмысын әрі қарай жетілдіру мақсатында жасанды интеллект негіздерін қолданып, шығармаға толық фоносемантикалық талдау жасайтын эксперттік жүйені бағдарламалауды жоспарлап қойдық, – дейді авторлық құқық алған оқушылардың бірі Дильназ Амангельдиева.

Сонымен бірге 8-сынып оқушысы Мәнсия Мұхамбет шетелдік фильмдерді қазақ тіліне аударуға арналған сапалы нұсқаулық дайындап, авторлық құқыққа ие болды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім-модераторлары Ә. Жақыпжанова және С. Мунбаевтың жетекшілігімен шетелдік фильмнің трейлеріне аударма жасап та үлгерді.

7e97e29b-fb76-413d-8bfa-2edc832eaefc

- Соңғы кезде «Ел боламын десең, экраныңды түзе» деген жаңа заман мақалы ел арасында қолданылып жүр. Расында, экран арқылы адамның санасын билеп, көзқарасына әбден әсер етуге болады. Осыған орай, бұл жұмыста қазақ көрерменіне шетелдік фильмдерді өз ана тілінде көруіне толық жағдай жасалды ма?, Аударма сапасы қандай? деген сұрақтар төңірегінде толыққанды зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ қазақ тіліне аударылған фильмдердің сапасына сыни баға берілді, – дейді зияткеріміз.

Мөлдір Латифова,

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік

мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале