Теректі ауданының Шаған селолық округінің орталығы саналатын Жаңаөмір ауылында дәріхана ашылды.
Жеке кәсіпкер Д.Кондрашев ауыл мұқтаж болған нысанды қолға алып, өз ісін соңына дейін жеткізді. Расымен, Жаңаөмір ауылында осы күнге дейін дәріхана болған жоқ. Ауырып ем іздеген тұрғындарға қалаға баруға тура келді. Дәрі-дәрмектерді жазып беруші ақ халаттыларға да бұл оңай соқпады. Қалтасындағы аздаған тиынды дәріге жұмсап, қала берді жолақы үшін тағы шығындалатын шағандықтар үшін бұл нысанның ашылуы - үлкен қуаныш.
Дәріхананың ашылу салтанатында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Нығметов пен округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы В.Полищук құттықтау сөз сөйледі.
Су жаңа дәріхананың лента қию рәсімін Жаңаөмір ауылының амбулаториясының аға дәрігері Қ.Шаймерденова мен дәріхана иесі Д.Кондрашев жасады.
Әділет ОРЫНБАСАРОВ
www.zhaikpress.kz