27.06.2023, 11:45
Оқылды: 43

Шыңғырлау шаршы алаңындағы шайқас

Шыңғырлау ауданында Пятин Александр Ильичтың құрметіне және Рамзан Камзаевтың  жүлдесі арналған  бокстан жасөспірімдер арасындағы қалааралық турнирі өтті. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысып, аудан балаларын боксқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосқан білікті бапкер Александр Ильивичке ризашылығын білдірді.

24f05f88-ba2b-43bf-891a-0b6618149c3c

Шаршы алаң бәсекесіне Ақтөбе, Атырау, қалалары мен өңірдің Жәнібек, Бәйтерек, Бөрлі аудандарының Орал қаласындағы «Арена», «Олимп», «Бәйтерек» спорт клубының жас тәрбиеленушілер сондай-ақ ауданға қарасты Ақшат ауылының бозбалары мен шаршы алаң иелері Шыңғырлау ауданының боксшылары қатысты.

44ef34c2-a851-4908-9d72-438c6bcabbe2

Пятин Александр Ильич 1981 жылдан  бері аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокс жаттықтырушысы қызметін атқарып келеді. Осы салаға бар өмірін арнаған ол  5 КСРО спорт шеберін, 5 спорт шеберіне үміткерді, 3 ҚР спорт шеберін, 7 мәрте ҚР спорт шеберіне кандидат тәрбиелеген ауданның құрметті азаматы.

InShot_20230627_110118311

Бірнеше күнге созылған жас боксшылары бәсекесінде 2011-2012 жылы туған былғары қолғап шеберлері  32 , 34, 36, 40 келі келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Нәтижесінде 32 келі салмақта үшінші орынды Насіпқали Жалғас пен Нұрислам Есетов, екінші орынды Ислам Қошқарбаев иеленсе, Роман Плотников жарыс жеңімпазы атанды.  34 келіде Сағат Исмайыл мен Дамир Әділов үшінші, Мирас Наурызғалиев екінші, Данил Фоменко бірінші орын иеленді. 36 келіде жұдырықтасқандар сынында Құрманбай Нұржігіт пен Санжар Талғатов қола, Бақберген Ғариполла күміс медаль иеленсе,  Қали Ерхан алтыннан алқа тақты. Ал  40 келі тартатын жас боксшылар арасында үздік үштікті Дияс Қажмұратов Әлихан Шарифулла түйіндесе, Арлан Куненов екінші, Мүслім Сұлтанғали бірінші орынға табан тіреді.

InShot_20230627_110138469

   Қызықты бәсекеде өнер көрсеткен 2009-2010 жылғы боксшылар 33, 35, 37 келі салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтады. Қорытындысында  33 келі тартатын боксшылар сынының қола жүлдесі Анарбек Төлегұл мен Ерасыл Нұрланов бөліссе,  Қаhарман Амангелді күміс, Руслан Рустам алтын медаль иегері атанды. 35 келі салмақта Нұржан Байжанов пен Ернұр Досқали үшінші, Данияр Сатаев екінші, Айтөре Қайырбеков бірінші орын иеленсе, 37 келі салмақта жұдырықтасқан  Даулетқали Мансур мен Бекзат Сатқанов үшінші, Жұмабай Мейрамбек екінші, Ерасыл Османғалиев бірінші орын иеленді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале