30.06.2023, 12:45
Оқылды: 31

Ұландықтар БАҚ қызметкерлерін құттықтады

Елімізде 28 маусым Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні атап өтіледі. Аталмыш датаға орай халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған мерекелік шаралар өткізіліп, «төртінші билік иелерінің» еңбегі еленді.

image-30-06-23-11-42

Мереке аясында қалам иелерін түрлі мемлекеттік ұйымдар да құттықтап, алғыс жариялады.

Өз кезегімізде ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиевтың атынан ұландықтар Орал қаласындағы БАҚ өкілдерін Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметін және қоғамдағы имиджін қалыптастыру ісіндегі ынтымақтастығы үшін алғыс жариялап, құттықтап қайтты.

image-30-06-23-11-42 (1)

Осы орайда уақытпен санаспай бұқараға ақпарат жеткізуде алдыңғы шепте қызмет ететін сала қызметкерлерінің еселі еңбегін атап өтпеске болмайды. Өз кезегімізде халық пен биліктің дәнекеріне айналған журналистерге толағай табыс тілеп, жеткізер жағымды жаңалықтың көп болуын тілейміз.

ҚР Ұлттық Ұланы  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале