25.07.2016, 10:06
Оқылды: 63

Медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері түсіндірілді

Медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері түсіндірілдіҚаратөбе аудандық орталық ауруханасында медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндіру жұмыстары жөнінде жиын өтті.


         Жиынды бастап, сөз сөйлеген аудандық орталық аурухананың директоры Зейіл Мағзомов міндетті медициналық сақтандыру қызметі жөнінде түсіндіре келген Медициналық қызметтің ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің бақылау бөлімінің бас маманы Балжан Темірғалиева мен ақы төлеу бөлімінің басшысы Рысқаным Кусманованы ұжымына таныстырды.

Медициналық қызметтің ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің бақылау бөлімінің бас маманы Балжан Темірғалиева Қазақстанның барлық өңірінде медициналық сақтандырудың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең көлемді акция басталғандығын хабарлады. Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрімен қамтамасыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.

Арнайы мамандар сала қызметкерлерін толғандырған сауалдарға жауап берді.

Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале