4.07.2023, 14:30
Оқылды: 49

Жарайсың, Нағим!

Ғасырдан астам уақыттан бері шығып келе жатқан «Орал өңірі» газетінің оқырмандары да, жанашыр демеушілері де баршылық. Олар жыл сайын, әсіресе, баспасөзге жазылу науқаны кезінде сүйікті басылымдарын көптеп жаздыртуға журналистермен қатар қайрат танытып келеді.

a47b99c2-944e-407b-8e5b-08b2ea4ef725

Бес саусақ бірдей емес, қымбатшылық қысқан мына заманда  газет жаздыртып алмақ түгілі, күнкөрістің қамына қатты алаңдайтын жандар бар екенін жасыруға болмайды. Сондай-ақ жәрдемақымен жан баққан мүгедектер, көпбалалы жанұялар, зейнеткер қариялар бәрі-бәрі газет оқығысы келеді. Міне, демеушілеріміздің көмегі осындайда бізге керек-ақ. Бұл жолы да олар баспасөзге жаздырту науқанының қақ ортасынан табылды. Солардың бірі – бөкейордалық Нағим Қитанұлы Тәжімұратов.

Ол – Бөрлі  ауылының (Т. Масин ауылдық округі) тумасы. Сонау бір жылдарда арман қуып Алматы қаласына барып, оқуға түсу жолында ҚазМУ қалашығының құрылысын салуға қатысқан. Оқуға түскен, бірақ жанұя жағдайына қарай оқуын аяқтай алмай, Бөрлісіне оралыпты. Ауылда әуелі дәнекерлеуші, соңынан жанармай базасының, шаруашылық шеберханасының меңгерушісі, кейін бас зоотехник болып істеген. 1997 жылы өз алдына «Нарын» шаруа қожалығын құрды. Онда түйе, жылқы, ірі қараның асыл тұқымды ақбас, герефорд тұқымдарын, қойдан еділбай
тұқымын өсіріп келеді.  Бүгінде 2025  адамға жұмыс тауып беріп отыр. Ауылдың  мұң-мұқтажына, мұқтаж жандарға  ылғи сергек қарайды. Ауылдағы мектепке, мәдениет үйіне, балабақшаға көмектесуден шет қалмайды. Арасында баспасөзге жаздырту да Нағим Қитанұлының ылғи назарында. Күні кеше редакцияға аяқтай келіп, 20 адамды «Орал өңірі» газетіне жаздырту үшін ақшасын қолма-қол төлеп кетті.

Жарайсың, Нағим!

                                                                                 Есенжол Қыстаубаев,

«Орал өңірі» газетінің

арнаулы тілшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале