Уимблдон чемпионы Елена Рыбакинаның суреті бейнеленген «Қазпошта» маркасы шығарылды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Бұл – ел тарихында теннисшінің суреті басылған бірінші пошта маркасы.

Elena Rybakina celebrates with the Venus Rosewater Dish after winning the women’s singles title at Wimbledon today. Photo: Getty Images
Елена Рыбакина Қазақстанда теннистің кеңінен таралуы үшін көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ бүкіл әлемде Қазақ елінің абыройын арттыруға өз үлесін қосты.
«Спорт» сериясы бойынша «Қазақстан чемпиондары.Елена Рыбакина» деген тақырыппен шыққан пошта маркасы офсеттік тәсілмен төрт бояумен басылған.