Бүгін Жаңақала ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Валерьевна Имашева жұмыс сапарымен келді. "AMANAT" филиалында депутаттармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, мәслихат төрағасы Қамбар Каменов, "AMANAT" филиалының төрағасы Талғат Жанболатов, аудандық маслихат депутаты Бегайым Төлеугалиевна қатысты. Қабылдауда көтерілген мәселелер білім сапасы, ауылдың кірме жол мәселесі және жергілікті деңгейдегі мәселелер айтылды. Ауылдық округтердегі нысандардың жай-күйімен танысты.
Сонымен қатар Пятимар ауылдық округінде болып, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша «Жол картасы» шеңберінде күрделі жөндеуден өткізіліп жатырған Пятимар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының және ауылдың кірме жол құрлысының жұмысымен танысып жұмыс сапасына мән беруді баса назарға алу керектігін ескертті. С.Валерьевна көтерілген мәселелер бойынша жұмыстанатынын және заң тұрғысында қарастыратынын жеткізді.
А.Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz