4.07.2023, 23:31
Оқылды: 20

Мәжіліс депутаты ауданымызда

Бүгін Жаңақала ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Валерьевна Имашева жұмыс сапарымен келді. "AMANAT" филиалында депутаттармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, мәслихат төрағасы Қамбар Каменов, "AMANAT" филиалының төрағасы Талғат Жанболатов, аудандық маслихат депутаты Бегайым Төлеугалиевна қатысты. Қабылдауда көтерілген мәселелер білім сапасы, ауылдың кірме жол мәселесі және жергілікті деңгейдегі мәселелер айтылды. Ауылдық округтердегі нысандардың жай-күйімен танысты.

FB_IMG_1688475487727

Сонымен қатар  Пятимар ауылдық округінде болып, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша «Жол картасы» шеңберінде күрделі жөндеуден өткізіліп жатырған Пятимар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының және  ауылдың кірме жол құрлысының жұмысымен танысып жұмыс сапасына мән беруді баса назарға алу керектігін ескертті. С.Валерьевна көтерілген мәселелер бойынша жұмыстанатынын және заң тұрғысында  қарастыратынын жеткізді.

FB_IMG_1688475481887

IMG-20230704-WA0459

IMG-20230704-WA0463

IMG-20230704-WA0468

А.Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале