5.07.2023, 17:30
Оқылды: 41

Кәсіпкерлердің 620 млн теңгесін жымқырған компания басшысы сотталды

Алматыда кәсіпкерлердің 620 млн теңгесін жымқырған компания басшысы сотталды.

акша1
Қаржылық мониторинг агенттігі «Almaty Kuat» ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын мәлім етті.

Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды.

Осылайша ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале