Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова үздік оқушымен жүздесті.
Ауданымызда спорт пен білім шыңын бағындырып жүрген жастар жетерлік. Солардың бірі - Аян Сапаров. Ол биылғы оқу жылында «IQANAT» олимпиадасынан жүлделі оралды. Нақтырақ айтсақ, «IQANAT HIGH SCHOOL OF BURABAY» мектебінің оқу грантын ұтып алды. 9-сыныпты аяқтаған соң сол мектепте оқуын жалғастырмақ.
Қабылдауға анасы Айгүл Сапаровамен қатысқан жеткіншек, олимпиада жайында айтып берді.
- Олимпиада аудандық, облыстық және республикалық сынды 3 кезеңнен тұрды. Өзімнің таңдау пәнім бойынша жоғары балл жинап, мектепке жолдама алдым. Болашақта физика пәнінің мұғалімі болуды армандаймын,- деді.
Аудан әкімі Әлия биғазықызы үздік оқушы тәрбиелегені үшін Аян Сүлейменұлының анасына алғысхат пен естелік сыйлық табыстады.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz