10.07.2023, 17:30
Оқылды: 51

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төленетін сыйақы көлемі бекітілді

Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылдың 3 шілдесіндегі бұйрығымен спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайын төлем жасау қағидасын бекітті.

акша1

Елеулі нәтиже көрсеткен спортшылар өмір бойы ай сайын мынадай мөлшерде материалдық көмек алады:

— Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылар – 100 АЕК (2023 жылы – 345 000 мың теңге);

— Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлерінің, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылардың жаттықтырушылары – 100 АЕК.

Материалдық қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебінен дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы төленеді.

Материалдық қамсыздандыру сомасы спортшылардың екінші деңгейлі банк шотына аударылады.

Допинг қолданған немесе қолдануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылып, өмір бойғы төлем тоқтатылады.

Бұйрық 2023 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.

Ө. Сансызбай,

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале