11.07.2023, 12:15
Оқылды: 133

Қазақстандық оқушылар биологиядан халықаралық олимпиаданың төрт медалін жеңіп алды

Қанжығада екі күміс және екі қола медаль. Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

e087056e-fd64-49a9-9a3c-b587864f78c9

IBO - 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.

«Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды», - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады. Біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале