14.07.2023, 15:15
Оқылды: 50

Үй жануарларын есепке қою қажет

Облыстың ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы екпе салу, диагностикалау, төлдерді бірдейлендіру, санитарлық малдарды уақтылы тапсырылуын ұйымдастыру секілді жұмыстар жыл сайын жүйелі атқарылып келеді. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтетін баспасөз мәслихатында баяндады.

Үй жануарларын Серік базарұлы

Серік Базарұлының айтуынша, бүгінде ветеринариялық стансаларда 600-ден астам ветеринар маман қызмет етеді. Аталған мекемелерде жұмыс істейтін ветеринар мамандардың еңбек ақылары жылма-жыл артып келеді. Биыл ветмамандардың жалақысы 22%-ға өсіп, білімі мен еңбек өтіліміне сәйкес ветеринар дәрігерлердің орташа жалақысы 167,0-203,0 мың теңгеге дейін, ветфельдшердің жалақысы 171 мың теңгеге дейін, ветсанитардың жалақысы 93 мың теңгені құрады. Оған қоса биылдан бастан патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін мал дәрігерлеріне лауазымдық жалақының 35-50 пайыз мөлшерінде және еңбек демалысына шыққанда екі айлық сауықтыруға арналған жәрдемақы төленіп жатыр.

- Айта кетейін, ветеринария саласына бөлінетін қаражат көлемі де артты.   Биыл облыс аумағында эпизоотиялық қамтамасыз етуге  2 млрд 658 млн теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ облыс аумағында жануарлардың 13 аса қауіпті ауруларға қарсы (құтыру, сібір жарасы, пастереллез, аусыл, нодулярлы дерматит, жұқпалы ринотрахеит, қарасан, оба, маңқа, брадзот, туберкулез, жоғары патогенді құс тұмауы, эхинококкоз) вакцинациялау жұмыстары бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес биыл ақпан айында басталды. Бүгінгі күні келген вакцина көлеміне сәйкес 6 айлық жоспармен 3,5 млн жануарға вакцина салынып, аталған жұмыс 76%-ға орындалып отыр. Жоспардың толық орындалмауы вакцинаның уақтылы бөлінбеуінен және облыс аумағына уақтылы жеткізілмеуі салдарынан орын алды. Ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларымен (кенемен) күресу мақсатында, бөлінген қаражат көлеміне сәйкес, биыл 100,9 мың мүйізді ірі қара малын (мүйізді ірі қара малының гиподерматозы) өңдеу  жоспарланды. І жартыжылдық қорытындысы бойынша 40 500 бас МІҚ көктемгі өңдеуден өткен. Қалған мал басын өңдеу күз айларын жүргізіледі. Бір қуанарлық жағдай, облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты. Жалпы, жыл басынан бері жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының үш ошағы  тіркелді. Бұған қоса, бруцеллез ауруына келер болсақ, бұл індет әлі күнге өңіріміздегі өзекті мәселелердің бірі. Бруцеллез ауруына жасы 12 айдан басталатын барлық МІҚ мен ұсақ мал жылына 2 мәрте (көктемде және күзде) тексеріледі. Біріншіжартыжылдықта бруцеллез ауруына 411 мың МІҚ зерттеліп, оның 2,9 мың басы оң нәтиже көрсетіп, облыстың МІҚ бруцеллезімен зақымдануы 0,7% құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2% төмендеген. Ал ұсақ мал арасында 498 мың  бас зерттеліп,  оның ішінде 490 бас оң нәтиже көрсеткен, облыс бойынша зақымдануы – 0,1%.

Ерекше ескеретін жайт, бруцеллез ауруына шалдыққан жануар 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде мал сою орындарына тапсырылуы қажет. Бұл талапқа атүсті қарамай, қатаң сақтаған жөн. Бүгінгі таңда бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен барлық санитарлық мал уақтылы ет өңдеу кәсіпорындарына сойысқа тапсырылуда. Ауруға шалдыққан жануарларды санитарлық союға тасымалдау қызметін жергілікті жердегі ветеринариялық станциялар көрсетеді.

Биыл санитарлық малдарды сою пунктіне тасымалдау қызметі үшін облыстық бюджеттен 50 млн 742 мың теңге қаражат қаралып, қазіргі таңда бұл қаражаттың 16 млн теңгесі немесе 33% игерілді. Ветеринариялық станциялармен барлығы 140 тасымал рейсі жасалып отыр, - деді сұхбат барысында Серік Базарұлы.

        Спикердің сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері 2 073 ит пен мысық биостерилизациядан өтіп, кері мекендеу ортасына жіберілсе, 1 195 бұралқы ит тұрғындардың өтініштері негізінде жансыздандырылған.

Қазіргі таңда ит мен мысықтарды тіркеу дерекқорында 19 013 ит пен мысық тіркелген. Оның 5 239-ы иесі бары, қалған 13 774-і бұралқы ит пен мысық. Үй жануарларын тіркеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап міндетті. Сондықтан облыс тұрғындары биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін үй жануарларын есепке қою қажет. Үй жануарларын есепке қоюды және биостерилизациядан өткізуді жануар иесінің қаражаты есебінен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда немесе жеке ветеринариялық емханаларда жүргізуге болады.

Алтынбек Ермекқалиев,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале